Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 16-бабының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат:
Толық атауы: «Дионис сақтандыру брокері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Орналасқан жері: 050009 (A05B4Y6), Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алматы ауданы, Әуезов көшесі, 14А үй.
Байланыс телефондары: +7(727) 357-30-30, +375 44 703 03 03, +375 44 531 52 82.
Жұмыс уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер:
Директор – Боровой Денис Федорович.
Бас бухгалтер – Кислая Анастасия Валерьевна.
Мемлекеттік тіркеу нөмірі туралы мәліметтер: 24270.
БСН 230440027776.
Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына 05.09.2023 жылғы № 2.3.2 лицензия.
Сақтандыру брокері жүзеге асыратын қызмет түрлері туралы мәліметтер:
- сақтанушының тапсырмасы бойынша және өз атынан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
- сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызмет;
- жеке және заңды тұлғаларды іздеу және сақтандыруға тарту;
- сақтандыру ұйымдарының қызметтері мен қаржылық жағдайына салыстырмалы талдау жүргізу;
- сақтандыру ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинау;
- клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру талаптарын, сақтандырушыларды таңдау критерийлерін әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау бойынша сараптамалық қызметтер көрсету;
- сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) рәсімдеу, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинау;
- сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын рәсімдеу;
- сақтанушымен тиісті келісім болған жағдайда, сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен сақтандыру ұйымдарына аудару үшін жинау;
- клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру немесе бірлесіп сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру;
- сақтандыру шартын жасасу, сақтандыру төлемін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталған кезде талаптарды қарау кезінде, сондай-ақ жасалған сақтандыру шарттарына байланысты басқа да құжаттарды дұрыс және уақтылы рәсімдеуді қамтамасыз ету;
- консультациялар өткізу және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға, пайда алушыға сақтандыру төлемін алуға жәрдем көрсету;
- берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу;
- сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін кейіннен сақтанушыға, пайда алушыға беру үшін жинау;
- мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде залалдарды қарау және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындау;
- залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сарапшылардың қызметтерін ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымының атынан жасасу жөніндегі делдалдық қызмет;
- сақтандыру пулының қызметін оның қатысушыларымен жасалған келісім негізінде басқару.
Сақтандыру брокерінде аудиторлық ұйым растаған алдыңғы үш есепті жылдағы жылдық қаржылық есептілік жоқ, себебі Сақтандыру брокері сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны 05.09.2023 жылы алған.
Сақтандыру брокерінде аудиторлық ұйым растаған алдыңғы үш есепті жылдағы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік жоқ, себебі Сақтандыру брокері сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны 05.09.2023 жылы алған.
Сақтандыру брокерінде алдыңғы үш есепті жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер жоқ, себебі Сақтандыру брокері сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны 05.09.2023 жылы алған.
Сақтандыру брокері «ҚАЗАҚСТАН САҚТАНДЫРУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болып табылады.
Акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер: Сақтандыру брокерінің жалғыз қатысушысы Беларусь Республикасының азаматы Боровой Денис Фёдорович болып табылады – «Дионис сақтандыру брокері» ЖШС Жарғылық капиталындағы үлестің 100%-ы (Жүз пайызы).
«Дионис сақтандыру брокері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіби жауапкершілігін ерікті сақтандыру шарты №444-26-987-0000026, 12.01.2026 ж.
Сақтандырушы: «Amanat» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы;
Сақтандыру объектісі: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін, Сақтанушының кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында немесе соның нәтижесінде қате әрекеттері (әрекетсіздігі) және (немесе) олқылықтары салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері.
Тәуекелдер тізбесі:
1) мүліктік залал келтіру;
2) дене жарақатын келтіру.
Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі: 2026 жылғы «16» қаңтардан 2027 жылғы «15» қаңтарға дейін.
Сақтандыру сомасы: 500 000 (Бес жүз мың) теңге.